<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><lyrics>[V1]
.Em               C
 Күлімдеп күннің көзі,
.Am           B7
 Бойыма жылу берді.
.Em           C
 Киелі Тәңір Сөзі,
.Am           B7
 Жаныма қуат берді.

[C1]
.     C               D
   // Тәңірім, сүйем деді.
.  G           Em
   Жанарым күлімдеді.
.  C              B7
   Арманым бұдан артық,
.         Em
   Бар ма еді? //

[V2]
 Жарқырап көрінеді,
 Мәңгілік өмір лебі.
 Жүректен сезіледі,
 Тәңірдің ыстық демі.

[C2]
   // Өмірдің қайнар көзі,
   Киелі Тәңір Сөзі.
   Сол түні жер бетіне,
   Келді Өзі. //

[V3]
 Жұбатып көңілімді,
 Өзгерткен өмірімді.
 Қуантқан жүрегімді,
 Сүйемін Тәңірімді.

[C3]
   // Ағылып төгіледі,
   Өмірім берекелі.
   Күнәнің құлдығында,
   Жоқпын енді. //</lyrics>
<title>Күлімдеп күннің көзі РӘЖ94 ҮРәж91</title>
<hymn_number>106</hymn_number>
<author>Шынтеміров Әбілхайыр</author>
<key>Em</key>
</song>